• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Ақпан, 2018

Маңғыстауда «Газ-химия кешені» жобасы іске асырылып жатыр

226 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында өткен аппараттық жиында облыстың 2017 жылғы инвестициялық жұмыстары қорытындыланып, 2018 жылғы жоспарлар талқыланды.

2017 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 432,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1%-ға артық (405,6 млрд.теңге).

Негізгі капиталға салынған шикізат емес сектордың инвестициялық көлемі 2017 жылғы мемлекеттік бюджеттен тыс 182,7 млрд. теңгені құрады.

Құрықтағы паром кешенін, «ҚазАзот» АҚ-ның минералды тыңайтқыштар шығаратын зауытын, «Ақтау теңіз порты» АЭА және т.б. жобаларды жаңғырту нәтижесінде инвестициялар көлемі ұлғайды.

«ҚазАзот» АҚ пен  Иннер Монголия Берун Холдинг қытай компаниясы «Газ-химия кешені» жобасын іске асырып жатыр. Қазіргі уақытта Ухань Институты Газ-химия кешенінің жобасын әрі қарай жалғастыру үшін техникалық-экономикалық негіздеме алдындағы дайындық жұмыстарын жүргізуде. Малайзияның Rich Energy компаниясы құны 1,7 млрд теңге тұратын «Мұнай және газды өңдеу кешені» жобасын қолға алуда», деді Индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының м.а. Дәрімбет Бәйімбетов.

Қытайлық NWPC компаниясы француздық ECM Technologies және «Каспий» ӘКК» АҚ-пен бірлесіп 5 млрд. теңге сомасына «Mangystau Solar» бірлескен кәсіпорнын құрып,  Шетпе ауылында қуаттылығы 12 МВт күн электр станциясының құрылысын жүзеге асыруда. Трансұлттық компанияларды тарту шеңберінде Маңғыстау облысында Шетпе ауылында Hedebelberg Cement цемент зауыты, Каспий битумы CITIK Group, Tenaris компаниясы - премиальды байланысқа ие құбырларды шығаратын зауыты, KUDU Industries (Schlumberger) бұрандалы сорғылар өндірісі сияқты жобалар жүзеге асырылуда.

Маңғыстау облысының кәсіпкерлікті қолдау картасының шеңберінде 2018 жылы жалпы сомасы 11,5 млрд. теңге болатын 4 жобаны іске қосу жоспарланып отыр, бұл 223 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.  Осы жылы Маңғыстау облысында «Бизнесті қолдау» картасын қоспағанда, экономиканың әртүрлі секторларында жалпы сомасы 57,4 млрд. теңгені құрайтын 32 жоба қарастырылып, 1 854 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы «Ақтау теңіз порты» АЭА жобалық құны 10,5 млрд теңге болатын 5 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр, ол 254 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. 2018 жылы «Каспий» ӘКК »ҰК» АҚ жалпы құны 13,1 млрд.теңгені құрайтын 2 жобаны іске қоспақшы. Сондай-ақ, биыл «Маңғыстау» индустриялық паркінде 192 жұмыс орнын құратын жалпы сомасы 979,2 млрд. теңге 4 жоба іске қосылады. 2018 жылы МЖӘ тетігі жалпы сомасы 2,9 млрд. теңгеден асатын 10 жобаны 779 жұмыс орны ашылатын іске қосу және экономиканың әртүрлі секторларында жалпы сомасы 30,0 млрд. теңгеден асатын нәтижесінде 589 жұмыс орны пайда болатын 11 жоба жоспарлануда.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»